Мемлекеттік қызметке түсу мәселелері

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарын қоя алады

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 31.01.2022, 10:00
  • 31.01.2022, 17:00

Ертаева Айгуль 31.01.2022, 16:00, Сұрақ нөмірі: 10867

  • 0

Конкурсқа қатысу үшін қандай құжаттар керек

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.January.2022, 16:18

Қайырлы күн Айгүл ханым, сауалыңызға рақмет. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады: 1) өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады: 1) Өтініш; 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі; 3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +7 7262 438826 телефон нөміріне хабарласуыңызға болады.