Мемлекеттік қызметке түсу мәселелері
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарын қоя алады
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 31.01.2022, 10:00
- 31.01.2022, 17:00
Байшаева Карлыгаш 31.01.2022, 16:15, Сұрақ нөмірі: 10868
Саламатсыздарма. Тестілеудің екінші бағыты жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестте заңнамалардан сұрақтар болады ма? Болмаса ол жақта қандай сұрақтар келеді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 31.January.2022, 16:22
Қайырлы күн Қарлығаш ханым, сауалыңызға рақмет! Жеке қасиеттерін бағалау шеңберінде кандидаттардың даму деңгейлері анықталады: жігерлілігі, коммуникативтілігі, талдамалылығы, ұйымдастырушылығы, мінез-құлқы, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы және сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздығы. «Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады. Тестілеу сондай-ақ растық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды. Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды. Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайды. Жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері бойынша – қорытынды беріледі. Олар бір жыл ішінде қолданылады және мемлекеттік органдармен әңгімелесу нысанында өткізілетін үшінші сатыға – жалпы конкурсқа қатысу үшін құжаттардың ажырамас бөлігі болып табылады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +7 7262 438826 телефон нөміріне хабарласуға болады.