«Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі»
«Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 04.02.2022, 11:00
- 04.02.2022, 15:00
Қазихан Әйгерім 04.02.2022, 11:46, Сұрақ нөмірі: 10872
Сәлеметсізбе. Аудандық әкімдіктердің мемлекеттік органдарының бас маманы болуы үшін қандай тест тапсырамын?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 04.February.2022, 11:55
Қайырлы күн Қазихан Әйгерім! Сауалыңызға рахмет! Қала және аудандық әкімдіктердің дербес бөлімдерінің бас маманы болуы үшін үшінші бағдарламамен тестілеуден өтесіз. Үшінші бағдарламаC-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және ҚР 7 заңнамалық актілері бойынша жалпы 100 сұрақтан 50 балды жинауы қажет. Егерде тестілеуден төмен баға жинасаңыз 15 күн өткеннен кейін кері жазылуға құқығы бар. Ал, Мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуден оң нәтиже жинағаннан кейін, жеке қасиетін бағалау тестілеуінен өтеді. • Жеке қасиеттерін бағалаудан шекті 50% ды жинау қажет.