«Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі»

«Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Е.М.Ермаханбетов жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 04.02.2022, 11:00
  • 04.02.2022, 15:00

Кулимгариева Жазира 04.02.2022, 13:01, Сұрақ нөмірі: 10874

  • 0

Менің орта кәсіптік білімім бар, бухгалтерлік салада 3 жыл өтілім бар,алайда ЖОО дипломын алған жоқпын.ЖОО-ның дипломы болмаса да мемлекеттік қызметке кіре аламын ба?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 04.February.2022, 13:07

Қайырлы күн Кулимгариева Жазира! Сауалыңызға рахмет. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Үлгілік біліктілік талаптарына (бұдан әрі-Үлгілік біліктілік талаптары) сәйкес, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының кейбір санаттарына белгіленген білім туралы талаптарында «жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі» деп көзделген. Сонымен қатар, қалалық және аудандық дербес бөлімдердің жетекші маманы және ауылдық округ әкімі аппараттарының жетекші маман лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, білім туралы талаптарында«жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім» деп көрсетілгенін атап өткен жөн.