Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондарды электрондық нысанда өткізу

«Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондарды электрондық нысанда өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-конференциясы

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 14.02.2022, 09:00
  • 18.02.2022, 19:00

Махмудов Расберген 15.02.2022, 09:52, Сұрақ нөмірі: 10878

  • 0

Осы 2022 жылда жоспарланған аукцион қай күні болады?

ҚР Энергетика министрлігі 18.February.2022, 10:38

Құрметті Махмудов Расберген! Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Сіздің 2022 жылда жоспарланған аукцион қай күні өтетіні туралы сұрағыңызға келесіні хабарлайды. Қазіргі уақытта Министрлік аукцион негізінде және ұлттық компаниялармен тікелей келіссөздер жолымен көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығымен беру үшін шығаруға жататын жаңа жер қойнауын учаскелерін (бұдан әрі – Жер қойнауы учаскелерінің тізбесі) қосу бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына (МЖҚҚББ) электрондық аукцион негізінде 60 жер қойнауы учаскесі, тікелей келіссөздер жүргізу жолымен – 15 (қол қою сатысында) енгізілді. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен жер қойнауы учаскелерінің жаңа Тізбесі бекітілгеннен кейін Құзыретті орган «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ (gosreestr.kz) электрондық аукциондар операторының сайтында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі тұлғалардан жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін аукционды өткізуге арналған өтінішті (бұдан әрі – Өтініштер) қарайтын болады. Берілген өтініштерді қарау қорытындысы бойынша ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қодексінің 94-бабына сәйкес Министрліктің сайтында жер қойнауы туралы Кодекстің 95-бабына сәйкес көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге электрондық аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланатын болады. Анықтама үшін: ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қодексінің 94-бабына сәйкес Құзыретті орган Кодекстің 95-бабына сәйкес электрондық аукцион өткізу туралы хабарламаны жылына екі реттен асырмай жариялайды.