Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы

«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бейсеқұлова Л.М. жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 7
  • Жауаптар: 7
  • 16.02.2022, 09:00
  • 16.02.2022, 18:00

Камитбаев Ануар 16.02.2022, 14:33, Сұрақ нөмірі: 10886

  • 0

1997 жылы Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында орналасқан жер учаскесін сатып алып алдым. Қазіргі таңда жерді басқа біруге сатуға тура келіп отыр. Алайда, жердің актісі ескі, заңға сәйкес болмай шықты. Осы себепті, жердің актісін ауыстыру қажеттілігі туындауда. Осыған байланысты, жер учаскесінің актісін ауыстыру үшін қандай мемлекеттік қызметті алуға болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.February.2022, 14:40

Сәлеметсізбе Камитбаев Ануар! Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, жер учаскесіне актілерді дайындау және беру мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызметті Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорация ақылы түрде көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталына өтініш беріледі.