«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі»
«Мемлекеттік қызметшілермен әдеп ережелерінің сақталуы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік қызметке кіру тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Т.Қ. Жұмағұлов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 16.02.2022, 11:00
- 16.02.2022, 16:00
Өмірзақ Нұрболат 16.02.2022, 15:14, Сұрақ нөмірі: 10888
Облыс әкімдігіндегі әдеп жөніндегі уәкілге қандай мәселелермен жек қабылдауына жазылуға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 16.February.2022, 15:50
Құрметті Өмірзақ Нұрболат! Интернет-конференцияға қатысқаныңыз үшін алғысымызды білдіремін. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкіліне мелмекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуы, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша шағымдармен жүгінуіңізге болады.