«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы»

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарын қоя алады

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 24.02.2022, 10:00
  • 24.02.2022, 17:00

Маразыкова Хадиша 24.02.2022, 14:06, Сұрақ нөмірі: 10907

  • 0

Саламатсыз ба? Мен жер телімін заңдастыру бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіндім. Содан кейін маған жер теліміне жеке меншік беретін құжаттарда сәйкессіздіктердің бар екендігін көрсетіп қызмет көрсетуден бас тартты. Қызмет берушінің бас тартуы заңды ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.February.2022, 15:18

Қайырлы күн! Азаматтың мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Егер Сіз мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне аласыз. Сонымен қатар, Кез-келген қызмет алушы азамат құқықтары бұзылған жағдайда шағымдануға толықтай құқығы бар. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органы болып табылады. Сондықтан біздің Департаментке шағымдансаңыз болады. Қосымша сұрақтарыңыз болса +7 7262 438808, 438849 телефон нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.