«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша толғандырған сұрақтарын қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 24.02.2022, 10:00
- 24.02.2022, 17:00
Кенесбек Мухамеджан 24.02.2022, 14:10, Сұрақ нөмірі: 10908
Ассалаумағалейкум! Көбінесе мемлекеттік қызметтерді алу кезінде түрлі мәселелер болып қалады. Жалпы азаматтар мемлекеттік органдардың қызмет көрсету сапасына қанағаттанбаған жағдайда және құқықтары бұзылған жағдайда шағымдануға құқығы бар ма және қайда шағымдануға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 24.February.2022, 15:13
Қайырлы күн! Сұрағыңыз өте орынды. Кез-келген қызмет алушы азамат құқықтары бұзылған жағдайда шағымдануға толықтай құқығы бар. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органы болып табылады. Сондықтан біздің Департаментке шағыммен жүгінсеңіздер болады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +7 7262 438 808, 438 849 телефон нөмірлеріне хабарласуыңыза болады.