«Мемлекеттік кызметке түсу және өткеру»
Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру мәселелері туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 28.02.2022, 09:00
- 28.02.2022, 18:00
Алибекова Динара 28.02.2022, 15:09, Сұрақ нөмірі: 10919
Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметке тұру үшін сертификатымды жоғалтып алдым. Қайтадан тестілеуден өтуім қажет пе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.February.2022, 15:18
Саламатсыз ба! Егер де тестілеу сертификатын жоғалтқан болсаңыз оның қолданылу мерзімі ішінде телнұсқасын ала аласыз. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алуға немесе Мемлекеттік корпорацияға (халыққа қызмет көрсету орталықтары) баруыңыз қажет.