«Мемлекеттік кызметке түсу және өткеру»

Мемлекеттік қызметке түсу және өткеру мәселелері туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 28.02.2022, 09:00
  • 28.02.2022, 18:00

Асилбеков Баглан 28.02.2022, 15:23, Сұрақ нөмірі: 10920

  • 0

3 жыл үзілістен кейін мемлекеттік қызметке қайта оралдым. Маған заң бойынша тәлімгер белгіленуі қажет пе?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.February.2022, 15:59

Қайырлы күн! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген «Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібіне» сәйкес сынақ мерзімі кезеңінде, оның ішінде оны ұзартқан кезде мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кіретін сынақтан өтушілерге тәлімгерлер бекітіледі. Яғни, бұрын мемлекеттік қызметте болуыңызға байланысты тәлімгер белгіленетіндер қатарына жатпайсыз.