«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы»

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары- Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Б.А. Қайрақбаев жауап береді.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 05.03.2022, 10:00
  • 05.03.2022

Арынова Жулдыз 05.03.2022, 10:37, Сұрақ нөмірі: 10922

  • 0

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметші тарапынан әдеп нормалары бұзылған жағдайда оған қатысты қандай шаралар қабылданады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.March.2022, 10:53

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 27-тармағына сәйкес, тәртіптік терiс қылықтар мынадай түрлерге бөлiнедi: 1) елеусiз; 2) елеулi; 3) өрескел. Тәртіптік жазасы жоқ мемлекеттік әкімшілік қызметшi жасаған немесе бұрын қолданылған жаза алып тасталғаннан кейін жасаған теріс қылық елеусіз теріс қылық болып табылады, ол үшін қызметшіге ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылады. Алып тасталмаған ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрiнде қолданылған жаза болған кезде мемлекеттік әкімшілік қызметші жасаған теріс қылық елеулі теріс қылық болып табылады, ол үшін қызметшіге қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi жаза қолданылады. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес негіздер бойынша қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi тәртіптік жаза көзделген тәртіптік теріс қылықтарға жол берілген жағдайларда, қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту немесе лауазымын төмендету түрiндегi тәртіптік жаза алынбаған тәртіптік жазаның болуына қарамастан қолданылады. Жасағаны үшiн қолданыстағы еңбек заңнамасына, мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаға сәйкес негiздер бойынша қызметтен шығару көзделген теріс қылық не мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымын төмендету немесе қызметiне толық сәйкес еместiгi туралы ескерту түрiндегi алынбаған жазасы бола тұра жасалған терiс қылық өрескел терiс қылық болып табылады, ол үшін атқаратын лауазымынан босату түрiндегi жаза қолданылады.