«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы»

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары- Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Б.А. Қайрақбаев жауап береді.

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 05.03.2022, 10:00
  • 05.03.2022

Кайргельдина Анель 05.03.2022, 11:38, Сұрақ нөмірі: 10925

  • 0

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын бұзып, өзін дөрекі көрсеткен жағдайда қайда шағымдануға болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.March.2022, 11:40

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметші тарапынан Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормалары бұзылған жағдайда, Сіз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне өтініш бере аласыз. Сонымен қатар, азаматтардың арыздары мен шағымдарын қабылдау үшін Департаментте 8 (7182) 20-85-06 сенім телефоны жұмыс жасауда.