Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысының м.а. Салықбаев Ерлан Амандықұлының қатысуымен интернет-конференцияны өткізу
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 20
- 05.03.2022
- 05.03.2022, 18:00
Карахан Джохар 05.03.2022, 16:07, Сұрақ нөмірі: 10935
Жыл сайынғы еңбек демалысына шыққан кезде жұмыс беруші неше күнде сауықтыру ақысын төлеуі керек?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.March.2022, 16:18
Қайырлы күн. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңынының 54-бабына сәйкес, мемлекеттiк қызметшiлерге екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу оның басталуына күнтізбелік үш күн қалғаннан кешіктірілмей, ал еңбек демалысы кестеден тыс берілген жағдайда – берілген күнінен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.