Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері
«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаменті басшысының м.а. Салықбаев Ерлан Амандықұлының қатысуымен интернет-конференцияны өткізу
- Сұрақтар: 17
- Жауаптар: 20
- 05.03.2022
- 05.03.2022, 18:00
Ақтас Гүлсезім 05.03.2022, 17:33, Сұрақ нөмірі: 10940
Қайырлы күн! Жақын арада мемлекеттік қызметке қабылдандым. Кадр қызметкері өмірбаянда барлық жақын туыстарды, соның ішінде өмірден өтке туғандарымды көрсету қажет деді. Алайда, оларды өмірбаянда көрсету міндетті ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.March.2022, 17:51
Қаайырлы күн. Агенттіктің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №158 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесінің 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметшінің жеке ісіне мемлекеттік қызметшінің тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), туған күні мен жері, Тұрған жері, жұбайының және жақын туыстарының азаматтығы көрсетілген Өмірбаян; мемлекеттік қызметшіні, оның жұбайын (зайыбын) және жақын туыстарын қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы ақпарат (қашан, не үшін); жұбайының (зайыбының) және жақын туыстарының (олар өзгерген жағдайда) азаматтығының өзгеру күні мен себептері көрсетіледі. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес ата-аналар (ата-ана), балалар, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жақын туыстар деп танылады. Осылайша, өмірбаянды толтыру кезінде мемлекеттік қызметші жақын туыстары, оның ішінде қайтыс болған адамдар туралы жоғарыда көрсетілген ақпаратты ұсынады.