«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 11.03.2022, 10:00
- 11.03.2022, 17:00
Арзыкулов Дидар 11.03.2022, 15:19, Сұрақ нөмірі: 10945
Ассалаумағалейкүм Шәкір аға. Сұрағм бар еді, әдеп кодексін бұзғаны үшін қызметшілердің жауапкершілігі бар ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 11.March.2022, 16:25
Қайырлы күн Дидар мырза! Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметтік әдепті бұзу тәртіптік теріс қылық болып танылады. Сонымен бірге, Әдеп кодексінің өзінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатындығы көрсетілген. Мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берiлмейдi.