Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру
«Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы И.Б.Үйсімбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 15.03.2022, 10:00
- 15.03.2022, 18:00
Унербайкызы Нурдаймерей 15.03.2022, 17:22, Сұрақ нөмірі: 10950
Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын стандарттар қандай?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.March.2022, 17:31
Сәлеметсіз бе,Нурдаймерей Унербайқызы. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге келесі талаптар қойылады: 1) қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау; 2) мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру; 3) заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау; 4) азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау; 5) іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу; 6) лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау; 7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбау; 8) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалану; 9) қызметтік міндеттерді адал орындауға кедергі келтіретін құқыққа сыйымсыз қаржылық және мүліктік мүдделерді қудаламау. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуға тиіс. Қойылған сұрағыңызға рахмет.