Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру
«Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы И.Б.Үйсімбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 15.03.2022, 10:00
- 15.03.2022, 18:00
Бисенова Ұлжан 15.03.2022, 17:49, Сұрақ нөмірі: 10951
Мемлекеттік қызметшіге білмейтін адамдардан қызмет көрсеткені үшін сыйлықтар келген жағдайда, ол сыйлықты қабылдай ала ма? Оның әрекеттері қандай болуы керек?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 15.March.2022, 17:53
Қайырлы күн! Сауалыңызға рақмет! Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшіге хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын атқаруына байланысты алған сыйлықтар, сыйлықтың алынған күнінен бастап не мемлекеттік қызметшіге сыйлықтың келіп түскені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не мемлекеттік қызметшіге қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде ол республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төлеуге тиіс.