«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 28.03.2022, 10:40
- 28.03.2022, 18:30
Рахметуллақызы Айсұлу 28.03.2022, Сұрақ нөмірі: 10960
Тестілеудің жеке қасиеттерінен өту бойынша қанша балл жинау керек?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.March.2022, 13:11
Құрметті Рахметуллақызы Айсұлу, жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды. Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайды.