«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 28.03.2022, 10:40
- 28.03.2022, 18:30
Әбубәкіров Диас 28.03.2022, Сұрақ нөмірі: 10961
Бір мемлекеттік органның ішінде конкурссыз, ауысу тәртібімен болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.March.2022, 13:09
Құрметті Әбубәкіров Диас, Жарлыққа сәйкес, мемлекеттік органның ішінде теңдей дәрежелі бос мемлекекеттік әкімшілік лауазымдарға ауысуға еңбек өтілі талап етілмейді. Егер жоғары лауазымға баратын болсаңыз атқарып отырған лауазымыңызда екі жыл еңбек өтілі қажет.