«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»

«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 9
  • Жауаптар: 9
  • 28.03.2022, 10:40
  • 28.03.2022, 18:30

Абдиров Қалмұрат 28.03.2022, 15:00, Сұрақ нөмірі: 10962

  • 0

Мемлекеттік қызметке тұру үшін тестке қайда тіркелемін?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.March.2022, 16:55

Құрметті Абдиров Қалмұрат, Сіз мемлекеттік қызметке орналасу үшін, электронды цифрлы қолтаңба арқылы (ЭЦҚ) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік (ХҚКО) немесе электрондық үкіметтің веб порталы арқылы өтініш беруіңізге болады.