«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 28.03.2022, 10:40
- 28.03.2022, 18:30
Қолдас Әсем 28.03.2022, 15:09, Сұрақ нөмірі: 10963
Мемлекеттiк қызметшi жақсы жұмыс істесе қандай көтермелеу түрлері бар?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.March.2022, 16:53
Құрметті Қолдас Әсем, мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша алғыс жариялау, бағалы сыйлықпен не грамотамен марапаттау секілді көтермелеу түрлері қарастырылған.