«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 28.03.2022, 10:40
- 28.03.2022, 18:30
Рахметуллақызы Айсұлу 28.03.2022, 15:15, Сұрақ нөмірі: 10964
Мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда оларға қандай жауаптылық қарастырылған?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.March.2022, 16:52
Құрметті Рахметуллақызы Айсұлу, мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады.