«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»
«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 9
- Жауаптар: 9
- 28.03.2022, 10:40
- 28.03.2022, 18:30
Байдеуова Куләш 28.03.2022, 17:08, Сұрақ нөмірі: 10966
Сәлеметсізбе, жыл сайынғы берілетін санаторийге емделу жолданымдарына қалай өтініш тапсыруға болады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 28.March.2022, 17:16
Құрметті Байдеуова Куләш, санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу үшін келесі қадамдарды жасау қажет: 1. Egov.kz порталында авторизациядан өтіп "Онлайн сұратым" батырмасын басыңыз. 1.Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет). 3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз. Қызмет көрсету нәтижесі: Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама. Қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күн. Қызмет құны тегін.