Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 13.04.2022, 10:00
- 13.04.2022, 17:00
Смағұл Мағжан 13.04.2022, 11:08, Сұрақ нөмірі: 10978
Мемлекеттік қызмет атқаруды тоқтатқан соң артынша 1 ай ішінде мемлекеттік қызметтегі жарияланған бос орындарға тестілеу сертификатынсыз қатысуға бола ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.04.2022
Саламатсыз ба! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 27-бабы 8-тармағына сәйкес адам мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап 30 күн ішінде, егер ол мемлекеттік органдар болып табылмайтын тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен, «Б» корпусының лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға құқылы. Осыған орай, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап 30 күн ішінде конкурстарға тестілеуден өтпестен қатысуға болады (егер Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған және еңбек қатынастарында тұрмаған болса).