Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 13.04.2022, 10:00
- 13.04.2022, 17:00
Зинолла Данияр 13.04.2022, 11:59, Сұрақ нөмірі: 10980
Менің анам тамыз айында зейнетке шығады, Осы уақытқа дейін қызметке байланысты әртүрлі облыстарда жұмыс жасаған болатын. Еңбек өтілімін қалай дәлелдесе болады, қайда жүгіну кажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.04.2022
Саламатсыз ба! egov.kz веб порталында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі арқылы тиісті аймақтар бойынша электронды сұрау салуыңызға болады. Қызмет көрсетуші: БҚО ақпараттындыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының «БҚО мемлекеттік архиві» КММ