Мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке кіру және оны өткеру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 13.04.2022, 10:00
- 13.04.2022, 17:00
Мусагалиева Нурслу 13.04.2022, 13:03, Сұрақ нөмірі: 10982
Аманқос Сағынұлы, соңғы кезде облысымыздың бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілердің тарапынан түрлі келеңсіз жағдайлар орын алғанғандығы туралы мақалалар жарық көруде. Жалпы, осыған байланысты облысымызда қызметін жүргізіп отырған Әдеп жөніндегі кеңесімен қаралған тәртіптік іс материалдарың ішіндегі, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын бұзу мәселелеріне қатысты айтып өтсеңіз және жалпы мемлекеттік қызметшілердің тәртібі, соның ішінде әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне тоқталып өтсеңіз.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 13.April.2022, 15:28
Саламатсыз ба! Жалпы, үстіміздегі жылдың өткен кезеңінде Әдеп жөніндегі кеңесімен өткізілген 4 отырысында 14 тәртіптік іс қаралды, оларды қарау нәтижесі бойынша 10 тәртіптік іс - құрамында бұзушылық белгілері анықталмауына байланысты тоқтатылса, 4 тәртіптік іс бойынша тиісінше жаза қолдану ұсынылды (2 - мемлекеттік қызметші қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін және 2-і мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін). Мәселен, ағымдағы жылдың 2 қаңтарында өткен Кеңес отырысында, коронавирустық инфекциямен (Covid-19) күресуге бағытталған салтанатты іс-шаралар өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, өз әкімшілік аумағындағы мониторингтік топтың басшысы және мүшесі болып, Зашаған кентінде орналасқан мейрамханада тойы өтіп жатырғанын біле тұра, ол жөнінде ақпаратты тиісті органдарға дер кезінде хабарламау фактісі бойынша Зашаған кентінің әкімі А.Аубекеров пен осы кент аппаратының бас маманы Ж.Батыровқа қатысты тәртіптік іс қаралып, нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесінің ұсынысымен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, аталған лауазымды тұлғаларға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Сондай-ақ, осы отырыста басқа мемлекеттік мекеменің қызметшілеріне қатысты сыпайылық көрсетпей, әдептілік танытпау мәселесіне қатысты ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясының басшысы А.Тлимберлиевке қатысты тәртіптік іс қаралып, нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесінің ұсынысымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын сақтамағаны үшін, аталған лауазымды тұлғаға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 ақпанында өткен Кеңес отырысында, коронавирустық инфекциямен (Covid-19) күресуге бағытталған салтанатты іс-шаралар өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, 2021 жылдың тамыз айында той өткізіп, тиісті жауапкершіліктен жалтару мақсатында мониторингтік топ мүшелеріне той өткізгендігі үшін шараларды қолданбауды сұрап, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Е.Арыстанғалиевтің тәртіптік ісі қаралып, нәтижесінде Кеңестің ұсынысымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын, аталған