Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Т. Оспанқұловтың «Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды сақтау» тақырыбында интернет-конференциясы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды сақтау» тақырыбындағы интернет-конференция

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 14.04.2022, 10:00
  • 14.04.2022, 17:00

Бижанова Анара 14.04.2022, 10:19, Сұрақ нөмірі: 10984

  • 0

Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегін қорғау бойынша сапасыз оқыту ұйымдардағы өндірістік жарақаттанудың өсуіне ықпал етеді. Көптеген кәсіпорын басшылары қызметкерлерді Еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне оқытуға формальды түрде қарайды, нәтижесінде мұндай жұмыс берушілерде жарақаттану деңгейі төмендемейді. Осыған байланысты Министрлік қызметкерлерді оқыту сапасын жақсарту бойынша қандай шаралар қабылдауда?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 14.April.2022, 15:27

Сәлеметсіз бе! Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қызметкерлер, оның ішінде басшы қызметкерлер және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында оқытудан және білімін тексеруден өтуге міндетті (жұмыс кәсіптері бойынша оқыту жылына кемінде бір рет, ал басшы қызметкерлер және еңбекті қорғауға жауапты адамдар үш жылда кемінде бір рет). Бүгінгі күні Министрлік 2015 жылы бекіткен қолданыстағы Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдері бар. Сонымен қатар, Министрлік еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізеді. Осыған байланысты, Министрлік Қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Негізгі және маңыздыларының ішінде Қағидаларға келесі өзгерістер мен толықтыруларды атап өтуге болады: 1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқыту мен білімді тексерудің ұзақтығы кемінде 40 академиялық сағат көлемінде заңнамалық түрде бекітіледі; 2) оқыту бағдарламасының әр тақырыбы бойынша тест сұрақтарының саны анықталды; 3) тест бойынша шекті мәні бекітілді; 4) тестке жіберілген жалпы уақыт көрсетілген. 5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмыстан шеттету заң жүзінде бекітіледі. Осы норманың енгізілуіне байланысты білімді қайта тексеруден өту мерзімі бойынша шектеу алынып тасталды. Бұрын білімді қайта тексеру жүргізілген білімді тексеру күнінен бастап үш айдан ерте жүргізілмейтіні көзделген болатын. Осы өзгерістер жұмыс өндірісін қанағаттанғысыз ұйымдастыру және еңбектің қауіпсіз тәсілдеріне жеткіліксіз оқыту себептеріне байланысты өндірістік жарақаттануды болдырмау үшін қызметкерлер мен жауапты адамдарды оқыту сапасын жақсартуға бағытталған.