Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Т. Оспанқұловтың «Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды сақтау» тақырыбында интернет-конференциясы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды сақтау» тақырыбындағы интернет-конференция
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 14.04.2022, 10:00
- 14.04.2022, 17:00
Айтимова Шынар 14.04.2022, 14:55, Сұрақ нөмірі: 10989
Жұмыста алған жарақатының салдарынан мүгедек болған қызметкердің еңбекке қабілеттілігінен айырылуының дәлелі қандай құжат болып табылады?
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 14.April.2022, 15:34
Сәлеметсіз бе! Еңбек міндеттерін орындауға байланысты мертіккен немесе денсаулығына өзге де зақым келген қызметкердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін (пайызбен) белгілеу туралы және өндірістегі жазатайым оқиға туралы актімен расталған медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының (МӘСК) қорытындысы еңбекке қабілеттілігінен айырылуды растайтын құжат болып табылады.