Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Т. Оспанқұловтың «Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды сақтау» тақырыбында интернет-конференциясы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды сақтау» тақырыбындағы интернет-конференция
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 14.04.2022, 10:00
- 14.04.2022, 17:00
Байзиров Рустем 14.04.2022, 14:56, Сұрақ нөмірі: 10990
Ұйым қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзған кезде арнайы киімнің құнын жалақыдан ұстап қалады және арнайы киімнің құнын өтеу ретінде сатуды жүргізеді. Арнайы киімнің қалдық құнын ұстап қалу заңды ма?
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 14.April.2022, 15:39
Сәлеметсіз бе! Жеке қорғаныш құралдарын (ЖҚҚ) беру тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1054 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру, оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету қағидаларымен (бұдан әрі - Қағидалар) регламенттелген. Қағидалардың 13 және 14-тармақтарына сәйкес ЖҚҚ қызметкерлерді қабылдау немесе басқа жұмысқа ауыстыру кезінде немесе осы құралдарды пайдалану мерзімінің өтуіне байланысты беріледі. Жеке қорғаныш құралдарын пайдалану мерзімдері күнтізбемен белгіленеді және ол жұмыскерге нақты берілген күнінен бастап есептеледі. ЖҚҚ-ның пайдалануға жарамдылығын, оның ішінде олардың тозу пайызын жұмыс беруші уәкілеттік берген лауазымды адам не ұйымның еңбекті қорғау жөніндегі комиссиясы белгілейді. Яғни, жұмыс беруші қызметкерлерге берген арнайы киімнің қызмет ету мерзімі бар. Егер қызметкер жұмыстан босатылған кезде оған берілген арнайы киімнің қызмет мерзімі аяқталмаса, ол жұмыс берушіге арнайы киімді қайтаруға міндетті. Егер қызметкер (жұмыс берушімен келісім бойынша) арнайы киімді өзінде қалдырса, онда жұмыс беруші осы арнайы киімді қызметкерге қызмет мерзіміне тепе-тең есептелген қалдық құны бойынша өткізуге құқылы. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 115-бабына сәйкес жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулар сот шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Кодексте көзделген жағдайларда жүргізіледі. Жұмыскердің өзі жұмыс істейтін ұйым алдындағы берешегін өтеу үшін оның жалақысынан ұстап қалу жұмыскерді хабардар ете отырып оның жазбаша келісімі болған кезде жүргізілуі мүмкін. Бірнеше атқарушылық парақтары бойынша жалақыдан ұстап қалу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және Кодекстің осы бабында көзделген жағдайларда, ай сайынғы ұстап қалудың мөлшері жұмыскерге тиесілі жалақының елу пайызынан аспауға тиіс. Осылайша, қызметкердің жазбаша келісімі болған жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан оған сатылған арнайы киім үшін ұйым алдындағы қарызын өзіне тиесілі жалақының 50% - ынан аспайтын мөлшерде ұстап қалуға құқылы деп санаймыз.