«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау»
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мәселелері туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 4
- 18.04.2022, 09:00
- 18.04.2022, 18:00
Хамзина Бакыт 18.04.2022, Сұрақ нөмірі: 10993
Қайырлы күн! Мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген азаматтар үшін сынақ мерзімі қанша уақытты құрайды және оның мерзімі ұзартылуы мүмкін бе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.April.2022, 15:11
Сұрағыңызға рахмет! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 20-бабының 1 және 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген азаматтар үшін сынақ мерзімі үш айды құрайды. Ал сынақ мерзімінің нәтижесi қанағаттанарлықсыз болғанда, кейіннен қайта ұзартылмайтын үш айға ұзартылады.