«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы»

Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, әдеп жөніндегі уәкілдер, әдеп жөніндегі комиссияның жұмысы туралы сұрақтар қоя алады

  • Сұрақтар: 3
  • Жауаптар: 3
  • 18.04.2022, 10:00
  • 18.04.2022, 17:00

Мамбетбаев Бахтияр 18.04.2022, 14:56, Сұрақ нөмірі: 10994

  • 0

Қайырлы күн Шәкір Асылханұлы. Егерде мемлекеттік қызметші әскерге борышын өтеуге шақырылса істеп жүрген жұмыс орны не болады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.April.2022, 16:02

Қайырлы күн Бақтияр мырза! Егер мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда оларға мерзімді әскери қызмет кезеңінде жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және олардың жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады. Аталған мәселелер аясында қосымша сұрақтар туындаса +7 7262 438826 телефон нөміріне хабарласуға болады