«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, әдеп жөніндегі уәкілдер, әдеп жөніндегі комиссияның жұмысы туралы сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 3
- 18.04.2022, 10:00
- 18.04.2022, 17:00
Ахатаева Жанерке 18.04.2022, 15:22, Сұрақ нөмірі: 10996
Саламатсызба. Ауылды жердегі әкімішілкке жерге кезекке тұру үшін өтініш жіберген едім еговпен. Соның жауабы келмеді? Не істеуге болады? Звондасам телефондарын көтермейді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.April.2022, 16:08
Қайырлы күн Жанерке ханым. "Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі болып табылады. Осыған байланысты Департаментке тиісті шағыммен жүгіне аласыз. Ол үшін Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, №8/А мекенжайы бойынша келуді немесе Е-өтініш порталы арқылы шағым жолдауыңыз қажет. Сіздің тарапыңыздан шағым келіп түскен жағдайда заңнама аясында тиісті шаралар қабылданады. Қосымша сұрақтар туындаса +7 7262 438848 телефон нөміріне хабарласуыңызға болады.