«Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау»
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мәселелері туралы сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Ш. Сәрсен интернет-конференция барысында жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 4
- 18.04.2022, 09:00
- 18.04.2022, 18:00
Раимбердиев Даниял 18.04.2022, 15:34, Сұрақ нөмірі: 10998
Сәлеметсіз бе?! Егер де мемлекеттік қызметкерді жұмыс жасап жүргенде әскери қызметке шақырып қалған жағдайда ол жұмыстан шығуы керек пе?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 18.April.2022, 17:16
Сұрағыңызға рахмет! «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 40-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда оларға мерзімді әскери қызмет кезеңінде жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және олардың жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады.