«Дінтану сараптамасын жүргізу» интернетконференциясы
Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары, объектілері мен субъектілері және дінтану сараптамасын жүргізу тәртібі мен шарттары
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 20.04.2022, 09:00
- 20.04.2022, 18:30
Мухамбетжанова Газиза 20.04.2022, 10:37, Сұрақ нөмірі: 11003
2022 жылдың қаңтар оқиғасына қатысқандардың бір бөлігін деструктивті діни ағымдардың өкілі екені айтылды. Оны қалай анықтады? Экспертиза қалай жүреді? Бұл адамдармен әрі қарай қандай жұмыс жасалады?
ҚР АҚДМ Дін істері комитеті 20.April.2022, 16:23
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес дінтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етеді. Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес құрылтай құжаттары, сондай-ақ діни мазмұндағы басқа да құжаттар, діни білім беру бағдарламалары, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар мен діни мақсаттағы заттар дінтану сараптамасы объектілеріне жатады. Дінтану сараптамасын жүргізу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығымен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларымен (бұдан әрі – Қағида) реттелетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады. Дінтану сараптамасын жүргізу негіздері Заңның 6-бабының 1-тармағымен реттелген. Заңда көрсетілген негіздер болған жағдайда, Дін істері комитеті Қағидаға сәйкес дінтану сараптамасын жүргізіп нәтижесі туралы жауап хатын жолдайтын болады. Қаңтар оқиғасына қатысты мәселелер және тиісті шаралар қолдану жұмыстары құқық қорғау органдарының құзыретінде. Дегенмен, құқық қорғау органдары тарапынан тиісті өтініштер келіп түскен жағдайда Комитет тарапы жоғарыда аталаған заң нормаларына сәйкес дінтану сараптамасын жүргізіп, сараптама қорытындысын береді. Комитет тарапы деструктивті ағым өкілдеріне қатысты ақпараттық-түсіндіру шараларын тұрақты түрде жүзеге асырып отырады.