Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері

«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы Искендиров Асхат Батыржанұлының қатысуымен интернет-конференцияны өткізу

  • Сұрақтар: 15
  • Жауаптар: 17
  • 20.04.2022
  • 20.04.2022, 18:00

Бекжанова Айман 20.04.2022, 15:03, Сұрақ нөмірі: 11015

  • 0

Сәлеметсізбе, мен мемлкеттік қызметтемін, айлығым жетпеуге байланысты басқа мекемеге қосымша жұмысқа кіріп жалақы алуға құқығым бар ма?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.April.2022, 15:09

Сәлеметсіз бе. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 13-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшіге педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады. Осыған орай, жоғарыда аталған қызметтерде жұмыс атқаруға ғана құқығыңыз бар.