Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері

«Мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын ұстануы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері» тақырыбында ҚР мемлекеттік қызмет істері Агентттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментінің басшысы Искендиров Асхат Батыржанұлының қатысуымен интернет-конференцияны өткізу

  • Сұрақтар: 15
  • Жауаптар: 17
  • 20.04.2022
  • 20.04.2022, 18:00

Ержанова Динара 20.04.2022, 15:09, Сұрақ нөмірі: 11018

  • 0

Құрметті Асхат Батыржанұлы! Менің қоятын сұрағым мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасаған жағдайда Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес қандай шектеулер қойылады?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 20.April.2022, 15:18

Қайырлы күн. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабы 3-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, мемлекеттiк қызметке мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған азаматты қабылдауға болмайды. Бұл ретте мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін қызметтен шығарылған азамат мемлекеттік қызметке жіберілмейді. Сонымен қатар, Заңның 37-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшіге оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша мемлекеттік лауазымға орналасуына жол берiлмейдi.