Халықаралық зияткерлік меншік күні
Жыл сайын 26 сәуірде Халықаралық зияткерлік меншік күні атап өткізіледі, ол кең жұртшылыққа зияткерлік меншік құқығының инновациялар және шығармашылықтың дамуына қалай ықпал ететіні туралы айтуға мүмкіндік береді.
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.04.2022, 09:00
- 26.04.2022, 18:00
Каирбекова Акмарал 26.04.2022, Сұрақ нөмірі: 11032
Азаматтық іс шеңберінде мен қарама-қарсы тараптың авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне олар туралы мәліметтер енгізілген автордың туындысы данасының көшірмесін ала аламын ба?
ҚР Әдiлет министрлігі 26.April.2022, 13:01
Қайырлы күн! Сіздің сұрағыңызды қарастырып, келесіні хабарлаймыз. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңының 9-1 бабының 8 - тармағына сәйкес құжаттардың көшірмелері, тиісті туындының бір данасы және (немесе) оның сипаттамасы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға автордың келісімімен беріледі. Бұл жағдайда сұрау салынған құжаттар автордың келісімінсіз тергеу органдарының немесе соттың сұрау салуы бойынша сот ісін жүргізу шеңберінде ұсынылуы мүмкін. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тiзiлiм келесі сілтеме бойынша ашық қолжетімді екенін қосымша хабарлаймыз: https: https://copyright.kazpatent.kz/.