«Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері туралы»
«Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 29.04.2022, 10:00
- 29.04.2022, 17:00
Бөлегенова Әсел 29.04.2022, 16:04, Сұрақ нөмірі: 11040
Балаларымыздың сабақ процесінің аяқталуына санаулы күндер қалды. 2020 жылдан бері елімізде пандемия болып балаларымыз жазғы лагерьмен қамтылмады. Биылғы жылы балаларымыздың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылады?
Қызылорда облысы 29.April.2022, 16:35
Қызылорда облысында биылғы жылы қала сыртында орналасқан 9 балалар тынығу лагері жұмыс жасайды. (Анықтама үшін: 7 мемлекеттік, 2 жеке лагерь. Арал ауданы «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы», Қазалы ауданы «Шағала» балаларды сауықтыру-демалыс орталығы, Жалағаш ауданы «Ақтерек» сауықтыру лагері, Сырдария ауданы «Жалын» тынығу лагері Шиелі ауданы «Сыр ұланы» сауықтыру лагері, Жаңақорған ауданы «Тау самалы» лагері, Жаңақорған ауданы «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы», Қызылорда қаласында жеке «Зерентай» және «Арай санрайз» лагері). Аталған жазғы тынығу лагерьлерінде жалпыға міндетті оқу қоры есебінен тұрмысы төмен, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 8300 бала демалады деп жоспарланып отыр. Аймақта 295 мектептің 285-де мектеп жанында күндізгі тынығу лагері жұмыс жасайтын болады. Онда 97035 бала қамтылады деп жоспарлануда. Барлық жазғы тынығу лагерьлеріне (саяхаттау, үйірмелер, шығармашылық-интеллектуалдық клубтар т.б) бірінші кезекте ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қамтылып, демалады. Мектеп туризмін жандандыру бойынша өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштерге 32 мыңнан астам оқушы саяхаттайды. (өңірдегі тарихи-мәдени танымдық маңызды ескерткіштерге) Жаз маусымында 5 мың баланы облысымыздағы меценаттар мен демеушілер есебінен демалдыру, астанамыз Нұр-Сұлтан қаласына экскурсиялау жұмыстары да жүзеге асырылатын болады.