«Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері туралы»
«Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 29.04.2022, 10:00
- 29.04.2022, 17:00
Ерманова Толғанай 29.04.2022, 16:30, Сұрақ нөмірі: 11041
2017 жылы жастардың кәсіптік білім алуына мүмкіндік беретін «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылып, мектеп бітіруші түлектер жұмысшы және орта буын мамандықтары бойынша тегін білім алған болатын. Менің інім 9 сыныпты бітіреді, кәсіптік білім алғысы келеді. Биылғы жылы осы бағдарлама жалғасын таба ма?
Қызылорда облысы 29.April.2022, 16:33
Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың тапсырмасымен 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып, жастардың тегін кәсіптік-техникалық білім алуына жағдай жасалған болатын. Осы мақсатқа жыл сайын республикалық бюджеттен 1515 орын, жергілікті бюджеттен 3108 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп келді. Ағымдағы жылы Президентіміз Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасымен жастардың тегін кәсіптік білім алуын қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін республикалық бюджет есебінен арнайы мемлекеттік тапсырыс бөлініп отыр. Біздің өңірге жыл сайын 1600 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп отыр. Сонымен бірге жергілікті бюджеттен 3108 орын, жалпы 4708 орын мемлекеттік тапсырыс негізінде жастар техникалық, тау-кен, құрылыс, ауыл шаруашылығы, IT ақпараттық, қызмет көрсету саласы мамандықтары бойынша кәсіптік білім алатын болады.