«Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері туралы»
«Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 29.04.2022, 10:00
- 29.04.2022, 17:00
Ертелеуова Анар 29.04.2022, 16:39, Сұрақ нөмірі: 11042
Пандемия жағдайында 2 жылға жуық балалар онлайн форматында оқыды. Тұрғылықты жеріне байланысты интернет желісінің жылдамдығы мен сапасы және кейбір отбасындағы электрондық құрылғылардың көтермеуіне байланысты балалардың білім сапасындағы олқылықтар болғанын жасыра алмаймыз. Осы олқылықтардың орнын қалай толықтырамыз? Болашақ балаларымыздың білім сапасы мазалайды.
Қызылорда облысы 29.April.2022, 16:44
Былтырғы және биылғы оқу жылының каникул кездерінде білім сапасындағы олқылықтармен жұмыс ұйымдастырылып келеді. ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылдың 26 мамырдағы №240 бұйрығына сәйкес 2021-2022 оқу жылының 26 мамыр-19 маусым аралығында білім алушылардың біліміндегі олқылықтарының орнын толықтыру мақсатында жазғы мектеп ұйымдастырылады. Мұғалімдердің бұл қызметіне қаралған қаржы жеткілікті және барлық мектептерде арнайы кабинеттер жабдықталып сабақтар өткізілуге дайын.