«Мемлекеттік қызметке орналасу мәселелері туралы»
«Мемлекеттік қызметке орналасу мәселелері туралы» тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Д.Қ. Сарбасов жауап береді.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 03.05.2022, 15:00
- 03.05.2022, 17:00
Адилова Индира 03.05.2022, 15:49, Сұрақ нөмірі: 11043
Егер бөлімде бос орын болса, конкурс өткізбестен мемлекеттік қызметшіні ауыстыруға бола ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 03.May.2022, 16:16
Президенттің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2-тармағы 3) және 4) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысу тәртiбiмен орналасу мемлекеттік органдардың ішінде бір санаттағы лауазымға, сондай-ақ мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органның ішінде жоғары тұрған санаттағы лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін. Осыған орай, сауалда көрсетілген қызметкер біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, жоғарыда айтылған ереже негізінде басқа лауазымға (оның ішінде уақытша бос лауазымға) ауысу тәртібімен орналаса алады.