«Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы, сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері»

«Мемлекеттік қызмет және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ә.А.Көмекбаев жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 03.05.2022, 09:00
  • 04.05.2022, 18:30

Қолдас Әсем 03.05.2022, 15:57, Сұрақ нөмірі: 11045

  • 0

Мен Университетті жаңадан бітірген едім. Мемлекеттік қызметке тұру үшін, тест тапсыру үшін қай жерге барып тіркелемін?

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 03.May.2022, 16:21

Құрметті Қолдас Әсем, Сіз мемлекеттік қызметке орналасу үшін, электронды цифрлы қолтаңба арқылы (ЭЦП) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік (ЦОН) немесе электрондық үкіметтің веб порталы арқылы өтініш беруіңізге болады.