Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша
Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 06.05.2022, 10:00
- 06.05.2022, 18:30
Даркен Жанибек 06.05.2022, Сұрақ нөмірі: 11051
Мемлекеттік қызметші ретінде жоғары тұрған бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына жарияланған конкурсқа қатысып, шешімімен келіспейтінімді білдіргім келеді. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берілді деп санаймын және басқа кандидатқа артықшылық көрсетілуі мүмкін.
Бұндай жағдайда шағым білдіруге болама?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.May.2022, 15:03
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік органмен өткізілген конкурс қорытындысының ашық түрде жүргізілгендігіне күмәніңіз болған жағдайда Сіз бұзушылықтарды болдырмау мақсатында уәкілетті органға немесе сотқа шағым бере аласыз. Мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына сәйкес бес жұмыс күннен кешіктірмей конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылатындығын қосымша хабарлаймыз. Бұдан бөлек, әрбір мемлекеттік қызметші, оның ішінде конкурстық комиссия мүшелері заң бұзушылықтарға төзбеушілік бойынша азаматтық ұстанымын көрсетуі тиіс деп санаймыз. Өз кезегінде, конкурстық процедураның бұзылуы орын алған жағдайда заңнамамен конкурстық комиссия мүшелеріне қатысты тәртіптік және әкімшілік жауаптылық қарастырылғандығын қосымша хабарлаймын. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мекенжайы: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39, жұмыс телефоны 8 (7212) 50-40-75