«Департаменттің негізгі қызмет бағыттары туралы»
Бұл интернет-конференция барысында азаматтар мемлекеттік қызметке түсу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, әдеп жөніндегі уәкілдер, әдеп жөніндегі комиссияның жұмысы туралы сұрақтар қоя алады
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 06.05.2022, 10:00
- 06.05.2022, 17:00
Кашкеев Алимжан 06.05.2022, 14:25, Сұрақ нөмірі: 11052
саламаматсызба. егер мемлекеттк органда бос орын болса, конкурс өткізбестен мемлекеттік қызметшіні сол орынға ауыстыруға болады ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.May.2022, 16:51
Қайырлы күн. ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларының 2-тармағы 3) және 4) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысу тәртiбiмен орналасу мемлекеттік органдардың ішінде бір санаттағы лауазымға, сондай-ақ мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік органда кемінде соңғы екі жыл келесі төмен тұрған санаттағы лауазымды атқарған жағдайда, мемлекеттік органның ішінде жоғары тұрған санаттағы лауазымға жүзеге асырылуы мүмкін. Осыған орай, сауалда көрсетілген қызметкер біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, жоғарыда айтылған ереже негізінде басқа лауазымға (оның ішінде уақытша бос лауазымға) ауысу тәртібімен орналаса алады.