Мемлекеттік қызмет саласына қатысты сұрақтар бойынша
Мемлекеттік қызмет саласына қатысты сұрақтар бойынша
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 06.05.2022, 15:00
- 06.05.2022, 18:00
Омирбекова Динара 06.05.2022, 15:39, Сұрақ нөмірі: 11055
Қайырлы күн! Мен аудан әкімдігіне бас маман болып орналасқым келеді. Ол үшін тестілеуді қай бағдарлама бойынша өтуім қажет?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.May.2022, 15:47
Қайырлы күн! Аудан әкімдігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеудің 3 бағдарламасы бойынша тапсырасыз. үшінші бағдарлама C-R-5, D-R-4, D-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер. Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 95 минутті құрайды.