Мемлекеттік қызмет саласына қатысты сұрақтар бойынша
Мемлекеттік қызмет саласына қатысты сұрақтар бойынша
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 06.05.2022, 15:00
- 06.05.2022, 18:00
Омарбеков Данияр 06.05.2022, 16:44, Сұрақ нөмірі: 11060
Сәлеметсіз бе! Менің қояр сұрағым, мен басқа органға конкурсқа қатысып, ол жерде мені лауазымға тағайындау бойынша шешім шықты. Ол жерде мені бес күннен кейін тағайындаймыз деп айтты. Ал, қазір жұмыс істеп отырған жерімде барлық құжаттарымды тапсырып болғаннан кейін жіберем дейді. Егер мен осы жерде бес күннен ұзақ болсам, онда мені алмай қоймай ма басқа органға?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 06.May.2022, 17:01
Сәлеметсіз бе! «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 101-тармағының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен лауазымға орналасу жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ егер алдыңғы жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес бір айлық жұмыспен өтеу мерзімін белгілесе немесе тараптардың келісімі бойынша өзге мерзім белгіленсе, мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар адам конкурс комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң, бірақ он жұмыс күнінен кешіктірмей, оң қорытынды алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды делінген. Яғни, Сіз конкурс комиссиясының оң қорытындысын алсаңыз, мемлекеттік органның басшысы Сізді лауазымға қабылдайды. Алайда, қолданыстағы мемлекеттік қызмет саласын реттейтін заңнамамен конкурс комиссиясының шешімі шыққаннан кейінгі лауазымға қабылдаудың барынша максималдық мерзімі реттелмеген. Осыған орай, мемлекеттік лауазымға қабылдау еңбек қатынастарына түскен тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.