«Қазақ газеттері» серіктестігінің басылымдарынан қандай материалдар оқығыңыз келеді?
«Қазақ газеттері» серіктестігінің басылымдарынан қандай материалдар оқығыңыз келеді?
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 15.04.2022, 09:00
- 15.05.2022, 18:00
Жұмағали Медет 11.05.2022, 13:08, Сұрақ нөмірі: 11063
Моё сугубо личное мнение газеты сейчас мало кто читает и думаю что нужно вам перейти на цифровую версию
«Қазақ газеттері» ЖШС 14.05.2022
Сәлеметсіз бе, Жұмағали Медет! Пікіріңіз үшін рахмет. Әрине, қазіргі таңда газет-журнал оқырмандарының көпшілігі интернетке көшті десек те, қағаз басылымдардың өз оқырманы бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Қағаз басылымдардың дәуірі біте ме деген сауал төңірегінде әлемде әлі де түрлі пікірталастар туындап жатқанымен, технологиясы озық батыс елдерінің мыңдаған тиражы бар ақпараттық таблоидтары қағаз газет-журналдардың өміршеңдігін көрсетсе керек. Сондықтан, интернет пен газет-журналдар болашақта бір-бірін толықтырушы болады деп ойлаймыз. Сайттар мен әлеуметтік желілер ақпаратты жылдамдықпен таратса, толыққанды сараптаманы көпшілік газеттен оқиды. Демек, оның бәрі оқырман талғамының еншісіндегі дүние. «Қазақ газеттері» серіктестігі заманның талабына сай, 2009 жылдан бастап kazgazeta.kz ақпараттық порталын ашты. Бүгінде оқырмандарымыз газет-журналдарымыздың қағаз нұсқасынан бөлек, электронды PDF форматына жазылып, мобильді қосымшасын смартфон немесе планшетке жүктеу арқылы қалаған нұсқада оқи алады.