«Қарағанды облысының агроөндірістік кешенін дамыту»

«Қарағанды облысының агроөндірістік кешенін дамыту» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Жаманқұлұлы Шайдаров жауап береді.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 11.05.2022, 15:00
  • 11.05.2022, 18:00

Мусаканов Рахметкали 11.05.2022, 15:14, Сұрақ нөмірі: 11064

  • 0

Биылғы жылы мен ауыл шаруашылығы техникасының бірнеше түрін (трактор, пресс-іріктегіш және т. б.) сатып алғым келіп отыр, бюджетте инвестсубсидияға қаражат қарастырылған ба?

Қарағанды облысы 11.May.2022, 15:48

Саламатсыз ба, иә қарастырылған. 2022 жылға республикалық бюджеттен инвестсубсидияға 2 млрд. 883 млн. теңгенің қаражаты бөлінді. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің өтінімдеріне сәйкес осы жылдың мамыр айында қосымша 4 млрд. 984 млн. теңгенің қаражаты бөлініп отыр. Барлығы 7 млрд. 867,0 млн. теңге. Сұрақтарыңыз болған жағдайда сіз Ауыл шаруашылығы басқармасына хабарласа аласыз. Байланыс телефондары: 8(7212)565840, 565868