«Қарағанды облысының агроөндірістік кешенін дамыту»

«Қарағанды облысының агроөндірістік кешенін дамыту» тақырыбында интернет-конференция өтетін болады. Пайдаланушылардың сұрақтарына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Жаманқұлұлы Шайдаров жауап береді.

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 4
  • 11.05.2022, 15:00
  • 11.05.2022, 18:00

Мусапиров Мурат 11.05.2022, 16:50, Сұрақ нөмірі: 11066

  • 0

Мен Қарағанды қаласының тұрғынымын. Ауыл шаруашылығымен айналысуды жоспарлап отырмын. Осыған байланысты менің сұрағым. Қандай аудандарда жақын арада ауыл шаруашылығы жерлер беріледі?

Қарағанды облысы 11.May.2022, 17:09

Қайырлы күн, қазіргі таңда ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға беру конкурстары Қарқаралы, Нұра, Бұқар жырау аудандарында жарияланды. Жарияланған конкурстар туралы толық ақпаратты аудан әкімдіктерінің ресми-сайттарында және жергілікті баспа басылымдарында көруге болады.